Accessibility links

Алматы облысында бір үйдің төрт адамы өлі күйде табылды

Qonaev TV видеосынан алынған скриншот.
Qonaev TV видеосынан алынған скриншот.

Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір үйдің төрт адамы қаза болды, арасында 1,5 жасар нәресте де бар. Бұл жөнінде Qonaev TV хабарлады.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, отбасы мүшелері ыстан уланып, мерт болуы мүмкін.

Отбасы ауылдан қашық жердегі қыстауда тұрған. Туыстары екі күн бойы оларға хабарласа алмай, ізінше үйіне барғанда төрт адамның мерт болғанын көрген. Осылайша полицияға хабар берген.

"Бауырымыз сол төменде қорада мал бағатын еді. «Соңғы рет 30 қаңтар күні ауылға келіп, бензин құйып, машинасына бензин құйып кеткен дейді. 31-і күні туған күні болған. Кешкісін жатар кезде от жағады ғой, сол көмір ұсағырақ болып, пеш тартпай, сол ыстан болған ғой. Кешегі барып келген жігіттер үйдің ішіне кірген кезде ыстың иісі қатты болған деп айтып жатты" деді ауыл тұрғыны Ерқанат Ақылдосов.

Қайғылы оқиғадан 1955 және 1974 жылғы екі ер адам, 1984 жылғы әйе мен 1,5 жастағы нәресте өлі күйде табылған. Мәйіттер сот-медицина сараптамасына жіберілген. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп айтылады.

XS
SM
MD
LG