Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза болды

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза болды.

Облыстық полицияның хабарлауынша, жол апаты 23 маусымда сағат 17 шамасында Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының 132-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi 100 көлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан Audi жүргізушісі мен онда отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза болған.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Haval жүргізушісі қамауға алынды. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Тергеу жүріп жатқаны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда кейінгі бірнеше жылда жол апаты 127,5% артқан.

Қазақстанда жылына 35-40 мың жол апаты тіркеледі. Ресми ақпаратқа қарағанда, жол апатына көп жағдайда маневр жасау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер мен өзге көліктерге жол бермеу, жылдамдықты асыру себеп болады.

Жол апатының салдарынан жылына 10-15 мың адам жарақат алады, 2 мыңға жуық адам опат болады.

Айдар
XS
SM
MD
LG