Accessibility links

Алматыда Әмір Шәйкежановтың ісі бойынша сот жабық өтеді


8 қаңтарда Алматының №2 Медеу аудандық сотында ЛГБТ-белсендісі Әмір Шәйкежановтың ісі бойынша сот басталды. Бұл жөнінде "Власть" жазды.

"Бап процесті жабық өткізуді қарастырады. Бірақ біз оған бақылаушыларды қатыстыруды сұраймыз" деді адвокат Жанар Балғабаева.

Оның сөзінше, Шәйкежановқа екі бап: "Зорлау" (120-бап 1-бөлігі) және басқа адамға "ВИЧ жұқтыру" (118-бап 1-бөлігі) бойынша айып тағылған.

Басылымның жазуынша, былтыр маусымда квир-бардың қызметкері сол бардың негізін қалаушы Шәйкежанов "өзін зорлағанын" айтып айыптаған. Ал Шәйкежанов видео таратып, өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген. Көп ұзамай Шәйкежанов ұсталып, қамалған.

Былтыр күзде Шәйкежанов адвокатын күтіп тұрған шақта өзге сотталушылардың оған тап бергені хабарланған еді. Ізінше ол өзіне қауіп төнгенін айтып, шағым жазған. Ол тергеудің негізсіз созылуына орай аштық та жарияламақ болған.

XS
SM
MD
LG