Accessibility links

Алматыда үш университетті дүрліктірген "бомба қойылғаны" жайлы хабар расталмады

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

20 қазанда Алматыда шұғыл қызметтер бомба қойылғаны туралы хабар түскеннен кейін үш университеттің ғимаратын тексеріп шықты. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады деп хабарлады кейінірек қалалық полиция департаменті.

Қаланың түрлі ауданында орналасқан жоғары оқу орындарына жедел жеткен арнайы мамандар ғимараттар мен олардың маңындағы аумақтарды тексерген.

"Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде сейсенбі күні таңертең Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің (UIB) электрон поштасына қауіп төніп тұрғаны жазылған хат түскені туралы ақпарат тараған. Хатта ғимаратқа жарылғыш құрылғы қойылғаны айтылған.

Басылымның дерегінше, университетті күзет қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тексерген. Студенттер тексеру аяқталғаннан кейін өздеріне ғимаратқа қайта кіруге болатыны айтылып, оқу әрі қарай жалғасқанын айтты.

Полиция жарылғыш зат қойылды делінген қалған екі жоғары оқу орнын атаған жоқ.


Айдар
​
XS
SM
MD
LG