Accessibility links

Алматыда жер сілкінді

Алматы қаласы
Алматы қаласы

28 қыркүйек, дүйсенбі күні жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9:38 шамасында Алматы қаласында жерасты дүмпуі сезілді.

Әлеуметтік желіде кейбір тұрғындар үй ішінде жихаз теңселіп, әлсіз дүмпуі сезілгенін айтып жатыр.

Жерасты дүмпуінен соң іле-шала тұрғындар мобильдік байланыс желісі арқылы жер сілкінісі туралы шұғыл ескерту хабар алған. Онда "қарқындылықпен жер сілкінісі" болғаны айтылып, келесі ақпарат алғанға дейін ашық кеңістікте болуға, ал "ғимарат ішінде қалғандарға сабыр сақтауға" кеңес берілген.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық зерттеу институты" мәліметі бойынша, 3.7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 8 шақырым жерде болған.


Айдар
​
XS
SM
MD
LG