2006 жылы 11 ақпанда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев жоғалып кетті. Ақпанның 13-інде үшеуінің өлі денесі Алматы облысы Талғар ауданының аумағынан табылды. Азаттық архивіндегі суреттерден фотогалерея.
Алтынбек Сәрсенбайұлының өмірі мен өлімі
1
Алтынбек Сәрсенбайұлы (ортада) өзі теңтөрағасы болып сайланатын "Ақ жол" партиясының үшінші съезінде отыр. Алматы, 2004 жыл.
2
Алтынбек Сәрсенбайұлы "Ақ жол" партиясы съезінде сөйлеп тұр. Алматы, 2004 жыл.
3
Алтынбек Сәрсенбайұлының (екінші қатарда сол жақтан үшінші) демалыс кезінде түскен суреттерінің бірі.
4
"Әділетті Қазақстан" қозғалысының жиынында Алтынбек Сәрсенбайұлы сол жақтан төртінші отыр. Алматы, 2005 жыл.
5
Алтынбек Сәрсенбайұлының "Хабар" телеарнасымен соттасқан кезіндегі суреті. Алматы, 2005 жылдың мамыры.
6
Алтынбек Сәрсенбайұлы оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің жаназасы кезінде тілшілерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 15 қараша 2005 жыл.
7
Алтынбек Сәрсенбайұлы (оң жақта) пен көмекшісі Бауыржан Байбосын Шәмші әндері кешінде отыр. Алматы, 2005 жыл.
8
Алтынбек Сәрсенбайұлының соңғы суреттерінің бірі. Алматы, 8 ақпан 2006 жыл.
9
Алтынбек Сәрсенбайұлының соңғы суреттерінің бірі. Алматы, 8 ақпан 2006 жыл.
10
Алтынбек Сәрсенбайұлы мен қаза тапқан серіктерінің құрметіне қойылған мүйіс.
11
Cеріктері мен туған-туыстары Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында марқұмға бағыштап құран оқып отыр. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.