Accessibility links

"Аман-Саулық" қорының жетекшісі Бақыт Түменова қайтыс болды

Бақыт Түменова
Бақыт Түменова

"Аман-Саулық" қоғамдың қорының жетекшісі Бақыт Түменова 77 жасында қайтыс болды. Бұл жөнінде "Қазақстандағы балалар үйі түлектері қауымдастығының" жетекшісі Рафаэль Гасанов хабарлады.

“Ол өз өмірін қоғамдық денсаулық сақтау саласының дамуына, аурудың алдын алуға және денсаулыққа қатысты жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға арнады. Оның жұмысы ағарту, бастамалар мен адамдарды қолдау арқылы нағыз өзгерістерге бағытталған. Бақыт Ниязбекқызы принципшіл маман болды, ол үшін бұл іс нағыз қызмет етуге айналды. Оның профилактиканы дамыту мен тәуекел факторларын азайтуға қосқан үлесі кәсіби қауымдастық арасында әлі де ұзақ сезілетін болады. Ол әріптестерінің, студенттерінің және ол көмектескен барлық адамдардың жүрегінде сақталады” деп жазды Рафаэль Гасанов әлеуметтік желіде.

Бақыт Түменова 1948 жылы қарашада Қызылордада дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған.

Медицина саласында 30 жылдай еңбек еткен Бақыт Түменова 90 жылдары Семей ядролық полигонының салдарын жою мәселесімен айналысқан. Елдегі алғашқы демократиялық қозғалыстардың жұмысына да араласқан. 2007 жылы зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, ардагерлер мен көп балалы отбасының құқығын қорғаумен айналысатын "Аман-саулық" қоғамдық қорының негізін қалаған.

Өмірінің соңына дейін денсаулық сақтау саласындағы республикалық және қалалық қоғамдық кеңестердің белсенді мүшесі болды, науқастардың құқығын қорғады.

Айдар
XS
SM
MD
LG