Accessibility links

Конгресс демократтар бақылауына өтсе, Трамптың Ресей және Иран жөніндегі саясаты қалай өзгермек?

АҚШ-тағы 3 қараша күні өткен аралық сайлаудан кейін демократтар Конгрестің қос палатасын да өз бақылауына алуға жақын.
АҚШ-тағы 3 қараша күні өткен аралық сайлаудан кейін демократтар Конгрестің қос палатасын да өз бақылауына алуға жақын.

АҚШ-тағы аралық сайлауда Демократиялық партия жеңіске жетсе, Конгрестегі саяси күштердің арақатынасы өзгеріп, президент Дональд Трамп әкімшілігінің қызметіне бақылау күшеюі мүмкін. Бұл Вашингтонның Ресей, Украина және Иранға қатысты саясатына да әсер етуі ықтимал.

АҚШ-тың бірнеше ірі бұқаралық ақпарат құралының болжауынша, 3 қарашада өткен сайлауда демократтар Сенат пен Өкілдер палатасындағы басымдықты Трамптың Республикалық партиясынан тартып алуға жақын тұр.

Мұндай өзгеріс демократтардың федералдық бюджет шығындарын бақылауға, Ақ үй әкімшілігінің шешімдерін тексеруге және президент ұсынған лауазымды тұлғалардың кандидатураларын мақұлдау процесіне ықпалын арттырады.

The New York Times басылымының хабарлауынша, Трамп сайлау нәтижесін қабылдап, демократтармен жұмыс істеуге дайын екенін айтқан.

"Біз демократтармен жұмыс істейміз. Олармен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бәлкім, ортақ шешімге келерміз" деп келтірді басылым президент сөзін.

Дегенмен Трамп дипломатия мен әскери операцияларға қатысты негізгі өкілеттігін сақтайды. Ал республикашылдардың қарсылығы мен президенттің заң жобаларына вето қою құқығы демократтардың сайлаудағы жеңісін нақты заңнамалық өзгерістерге айналдыруға кедергі келтіруі мүмкін.

Сайлау АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысы жалғасып жатқан, Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығы тоқтамаған және Вашингтонның Мәскеуге қатысты ұстанымы екі партия арасында келіспеушілік тудырып отырған тұста өтті.

Жаңа Конгресс үшін сыртқы саясаттағы алғашқы әрі маңызды сынақ Иранмен соғыс болуы ықтимал.

Демократтар сайлау науқаны кезінде энергетика бағасының өсуіне және экономикалық тұрақсыздыққа әсер еткен соғысты тоқтатуға уәде берді. Егер олар Конгрестің қос палатасын да бақылауына алса, әскери шығындарды тексеріп, соғысқа қосымша қаржы бөлуді шектеуге және әскери операцияларды тоқтатуды талап етуге мүмкіндігі артады.

Конгресс пен атқарушы биліктегі шешім қабылдайтын тұлғаларға тұрақты түрде сараптамалық ақпарат беретін New Lines стратегия және саясат институтының бағдарламалар жетекшісі әрі сарапшысы Дания Арайсси Азаттық радиосына берген сұхбатында сайлау нәтижесі Трамп әкімшілігіне соғысты дипломатиялық жолмен аяқтауға итермелеуі мүмкін екенін айтты.

"Демократтардың Өкілдер палатасы мен Сенатта жеңіске жетуі Трамп әкімшілігін соғысты тоқтатудың жолдарын іздеуге, мәселені әсіресе дипломатиялық тәсілдер мен келіссөздер шешуге итермелейді" дейді ол.

Арайссидің айтуынша, қаңтарда жаңа Конгресс жұмысын бастағанда демократтар соғысқа қосымша қаржы бөлуді бұғаттап, әкімшіліктің әскери науқанға қатысты шешімдерін тексеруі мүмкін.

Сарапшының пікірінше, Тегеран да келіссөздерде өзіне тиімді шарттарды талап етуі ықтимал. Иран билігі Трамптың әскери науқанды жалғастыруға қатысты саяси мүмкіндігі әлсірегенін ескеріп, бұрынғыдай ымыраға баруға асықпауы мүмкін.

"Демек, Иран енді қосымша жеңілдіктер жасауға мәжбүр болмайды" дейді ол.

Алайда бірқатар сарапшы демократтардың басым жеңісіне қарамастан, оның нақты нәтижесі қандай болары әзірге белгісіз екенін ескертеді.

Трамп қарулы күштердің бас қолбасшысы мәртебесін және әскери операциялар мен дипломатияға қатысты едәуір өкілеттігін сақтап қалады. Республикашылдардың басым бөлігі Иранға қарсы әскери науқанды оның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы ықпалы төндіретін қауіпке жауап ретінде ақтап отыр. Сондықтан олар демократтардың әскери шығындарды шектеу әрекетіне қарсы болуы мүмкін.

Дегенмен соғыстың экономикаға тигізген әсері Трамп әкімшілігі үшін саяси мәселеге айналды. Ормуз бұғазы маңындағы жағдайдың ушығуына байланысты бензин мен дизельдің қымбаттауы демократтарға сайлау науқанында халықтың тұрмысын бірінші орынға шығаруға мүмкіндік берді.

Жаңа Конгресс сондай-ақ Пентагон мен қорғаныс министрі Пит Хегсетке бақылауды күшейтуі мүмкін. Ал әскери шығындарды бекіту жөніндегі келіссөздер Ақ үймен арадағы қайшылықты одан әрі ушықтыруы ықтимал.

"Тозақтан құтылдық": эвакуацияланған Олешки тұрғындары туыстарымен қауышты

Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.</br> </br>Соғыстан әбден жапа шеккен Олешки қаласының тұрғындарын эвакуациялауға АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп мұрындық болды. Оның бастамасымен Украина мен Ресей сол аумақты атысты тоқтата тұруға келіскен.</br> </br>30 қазан күні ондаған автобус Олешки тұрғындарын қаладан алып шықты. Азаматтарға Украина мен Ресейдің бірін таңдау еркіндігі берілді.
1/9 Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.

Соғыстан әбден жапа шеккен Олешки қаласының тұрғындарын эвакуациялауға АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп мұрындық болды. Оның бастамасымен Украина мен Ресей сол аумақты атысты тоқтата тұруға келіскен.

30 қазан күні ондаған автобус Олешки тұрғындарын қаладан алып шықты. Азаматтарға Украина мен Ресейдің бірін таңдау еркіндігі берілді.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Олешки – Украина 2022 жылы-ақ азат еткен Херсон қаласынан 10 шақырымдай жерде орналасқан. Херсон Днепр өзенінің солтүстік жағында орналасса, Олешки оңтүстігінде орналасқан.</br> </br>Соғыс басталғалы бұл қала ұрыс алаңына айналып, ондағы көптеген ғимарат қираған.</br> </br>Қала тұрғындары іс жүзінде қамалып қалған еді: айналасын миналар қоршап, сыртқы әлеммен байланысы үзілгендіктен, бұл аумақтан кетуге мүмкіндік болмаған.</br><br>"Біз осы тозақтан құтылдық" деді Любовь есімді эвакуацияланған әйел (суретте жоқ) Азаттықтың Украин қызметіне. 31 қазанда автобустар Украинаның солтүстігіндегі Чернигов облысына жеткен.
2/9 Олешки – Украина 2022 жылы-ақ азат еткен Херсон қаласынан 10 шақырымдай жерде орналасқан. Херсон Днепр өзенінің солтүстік жағында орналасса, Олешки оңтүстігінде орналасқан.

Соғыс басталғалы бұл қала ұрыс алаңына айналып, ондағы көптеген ғимарат қираған.

Қала тұрғындары іс жүзінде қамалып қалған еді: айналасын миналар қоршап, сыртқы әлеммен байланысы үзілгендіктен, бұл аумақтан кетуге мүмкіндік болмаған.

"Біз осы тозақтан құтылдық" деді Любовь есімді эвакуацияланған әйел (суретте жоқ) Азаттықтың Украин қызметіне. 31 қазанда автобустар Украинаның солтүстігіндегі Чернигов облысына жеткен.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Эвакуацияланған мына бір әйел Черниговқа жетіп, көз жасын сүртіп тұр.</br> </br>"Басым айналып тұр. Әбден шаршадық. Көңіліміз босап, не айтарымызды білмей тұрмыз. Қаншама уақыт бойы уайыммен күн кештік" деді ол Азаттыққа.</br> </br>"Сұмдық болды" дейді Виктор есімді тағы бір эвакуацияланушы. Оның айтуынша, соңғы гуманитарлық шаралар басталғанға дейін қаладан қауіпсіз шығу мүмкін болмаған. "Жолдың бәрі минаға толы еді".</br> </br>Халқының саны 24 мыңға жуықтаған Олешки қаласында соғыс жылдары екі-ақ мыңға жуық адам қалған.
3/9 Эвакуацияланған мына бір әйел Черниговқа жетіп, көз жасын сүртіп тұр.

"Басым айналып тұр. Әбден шаршадық. Көңіліміз босап, не айтарымызды білмей тұрмыз. Қаншама уақыт бойы уайыммен күн кештік" деді ол Азаттыққа.

"Сұмдық болды" дейді Виктор есімді тағы бір эвакуацияланушы. Оның айтуынша, соңғы гуманитарлық шаралар басталғанға дейін қаладан қауіпсіз шығу мүмкін болмаған. "Жолдың бәрі минаға толы еді".

Халқының саны 24 мыңға жуықтаған Олешки қаласында соғыс жылдары екі-ақ мыңға жуық адам қалған.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Майдан шебінен аман шыққанына әлі де сене алмай жүрген адамдар көсіліп сөйлеуге шамасы келмейтінін айтады.</br> </br>"Автобусқа мінгенше қорқыныш сейілмеді. Қатты уайымдап, қобалжыдық. Оған дейін де не болар екен деп, түнімен көз іле алмадық" дейді Любовь.
4/9 Майдан шебінен аман шыққанына әлі де сене алмай жүрген адамдар көсіліп сөйлеуге шамасы келмейтінін айтады.

"Автобусқа мінгенше қорқыныш сейілмеді. Қатты уайымдап, қобалжыдық. Оған дейін де не болар екен деп, түнімен көз іле алмадық" дейді Любовь.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Любовьтің (суретте жоқ) айтуынша, әбден зорыққан Олешки тұрғындары қаладан аман шығарына сенбеген. Тек олардың ауыр жағдайы халықаралық деңгейде айтыла бастағанда ғана үміт пайда болған.
5/9 Любовьтің (суретте жоқ) айтуынша, әбден зорыққан Олешки тұрғындары қаладан аман шығарына сенбеген. Тек олардың ауыр жағдайы халықаралық деңгейде айтыла бастағанда ғана үміт пайда болған.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Украина туын жамылған әйел жақын адамын танып қалып, қуаныштан көзіне жас алып, келген автобусқа қарай ұмтылды.</br> </br>Украина да, Ресей де 27 қазаннан бері Олешки маңында ешқандай шабуыл жасамады. Мелания Трамп атысты тоқтата тұру туралы келісім жасалғанын содан бір апта бұрын мәлім еткен.</br> </br>"Олешки ұзақ мерзімді бейбітшіліктің бастауына айналсын" <a href="https://x.com/melaniatrump/status/2116902464293073393?s=46" class="wsw__a"><strong>деп жазды</strong></a> ол 1 қарашада X әлеуметтік желісінде.
6/9 Украина туын жамылған әйел жақын адамын танып қалып, қуаныштан көзіне жас алып, келген автобусқа қарай ұмтылды.

Украина да, Ресей де 27 қазаннан бері Олешки маңында ешқандай шабуыл жасамады. Мелания Трамп атысты тоқтата тұру туралы келісім жасалғанын содан бір апта бұрын мәлім еткен.

"Олешки ұзақ мерзімді бейбітшіліктің бастауына айналсын" деп жазды ол 1 қарашада X әлеуметтік желісінде.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
"Әкемізді үйге аман-есен, еш жерін жарақаттамай жеткізуге көмектескен, осыған мүмкіндік жасаған барша адамға алғыс айтамын. Қатты қуаныштымын" деді бұрын Олешкиде тұрған Жанна (суретте жоқ).</br> </br>Күзге дейін қалада екі мыңға жетер-жетпес адам тұрды. Оның көбі – қаладан өз бетімен кетуге қауқарсыз егде жастағы адамдар.</br> </br>Украина омбудсмені Дмитрий Лубинецтің мәліметінше, оккупациядағы Олешкиден эвакуацияланғандардың ең үлкені 94 жаста болса, ең кішісі бір жастан енді асқан сәби болған.
7/9 "Әкемізді үйге аман-есен, еш жерін жарақаттамай жеткізуге көмектескен, осыған мүмкіндік жасаған барша адамға алғыс айтамын. Қатты қуаныштымын" деді бұрын Олешкиде тұрған Жанна (суретте жоқ).

Күзге дейін қалада екі мыңға жетер-жетпес адам тұрды. Оның көбі – қаладан өз бетімен кетуге қауқарсыз егде жастағы адамдар.

Украина омбудсмені Дмитрий Лубинецтің мәліметінше, оккупациядағы Олешкиден эвакуацияланғандардың ең үлкені 94 жаста болса, ең кішісі бір жастан енді асқан сәби болған.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жаннаның егде жастағы туысынан (суретте жоқ) "Енді не істейсіз?" деп сұрағанда: "Отбасымды асырау үшін жұмыс іздеймін" деп жауап берді.</br> </br>Оның бұл сөзі сол жерде тұрғандарды бір жылатып, бір күлдіріп алды.
8/9 Жаннаның егде жастағы туысынан (суретте жоқ) "Енді не істейсіз?" деп сұрағанда: "Отбасымды асырау үшін жұмыс іздеймін" деп жауап берді.

Оның бұл сөзі сол жерде тұрғандарды бір жылатып, бір күлдіріп алды.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Олешкиден эвакуацияланып, Черниговке жеткен тұрғындар 31 қазанда бірге суретке түсті.
9/9 Олешкиден эвакуацияланып, Черниговке жеткен тұрғындар 31 қазанда бірге суретке түсті.
Бірнеше жыл Ресей оккупациясында тіршілік етіп, ас-суға және тұрмысқа қажет өзге де игіліктерге зәру болған украиналықтар 31 қазан күні Чернигов қаласында туыстарымен қауышып, көз жасына ерік берді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

Украинаға деген қолдау қалай өзгеруі мүмкін?

Ресей басқыншылығына қарсы күресте төрт жылдан астам уақыт бойы АҚШ-тың қолдауына сүйеніп келе жатқан Киев үшін сайлау нәтижесі бір жағынан дүдәмал күй тудырса, екінші жағынан үміт сыйлап отыр.

Украинаны қолдап келген Конгрестегі бірқатар танымал саясаткер қызметінен кетіп жатыр. Олардың қатарында Ресейдің әрекетін жиі сынап, Киевке көмек көрсету мәселесінде өз партиясы мен Ақ үйдің ұстанымына бірнеше рет қарсы шыққан республикашыл конгрессмен Дон Бэкон да бар.

"Мен – Рональд Рейган дәуіріндегі ескі мектептің республикашыл өкілімін. Ресейдің Украинаға басып кіруін еркін әлем алдында тұрған ең маңызды дағдарыс деп санаймын" деді Бэкон 3 қарашада Азаттық радиосына. "120-шақырылымдағы Конгресс біздің досымыз әрі одақтасымызды қолдауда әлдеқайда батыл болады деп үміттенемі".

Қызметінен кететін республикашыл саясаткерлердің қатарында сенаторлар Митч Макконнелл, Том Тиллис, Билл Кэссиди және Джон Корнин, сондай-ақ Өкілдер палатасының мүшесі Майкл Маккол да бар. Олар Мәскеуге қатысты қатаң саясатты жақтап келген ықпалды саясаткерлер болатын.

Дегенмен украин-америкалық ұйымдар Киев қос партияның қолдауына ие болуды жалғастырады деп үміттеніп отыр.

"Американың Украина конгресі комитеті" үкіметтік емес ұйымының президенті Майкл Савкив Азаттық радиосына берген сұхбатында бұл сайлау науқанында Украина ықпалды жақтастарының бірқатарынан айырылғанымен, Конгресте қалған саясаткерлерге үміт артатынын айтты.

"Украинаны қолдайтын ықпалды тұлғалардан айырылып жатқанымызға қарамастан, қызметін жалғастыратын саясаткерлер бар екенін білеміз. Украина екі партияның да елеулі қолдауына ие болады деп үміттенеміз" дейді ол.

Савкив Конгрестің Ақ үй әкімшілігінің Ресейге қарсы санкцияларды уақытша қолданбау туралы жуырдағы шешімін және дизель отынына қатысты келісімін тексеруін басым міндеттердің қатарына қосты. Сондай-ақ ол Украинаға әскери және қауіпсіздік көмегін көбейту, украиналық босқындарға берілетін уақытша қорғалған мәртебенің мерзімін ұзарту қажет екенін айтты.

"АҚШ шетелдік басқыншылықтан зардап шегіп, қысым көрген халықтарды қолдайтын әлемдегі жетекші ел болып қалуға тиіс. Біз қайта сайланған саясаткерлермен де, жаңадан сайланған өкілдермен де маңызды мәселелерімізді ілгерілету үшін жұмыс істеуге дайынбыз" деді ол.

Ресейге қарсы санкциялар мәселесі

Республикашыл сенаторлардың сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын екі көмекшісі де Азаттыққа берген сұхбатында жаңа Конгресс Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді талап етуі мүмкін деп отыр.

Олар сенатор Линдси Грэмнің атымен аталған санкция туралы заң жобасын мысалға келтірді.

Демократтар бақылайтын Конгресс Трамптың Мәскеумен қарым-қатынасты жұмсартуға бағытталған әрекеттерін қиындатуы мүмкін. Ақ үй Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі жеңілдетуге тырысса, Конгрестің қарсылығына тап болуы ықтимал.

Дегенмен конгрессмендердің де мүмкіндігі шектеулі. Трамптың вето қою құқығы мен республикашылдардың қарсылығы жаңа шектеулер енгізуге немесе әкімшілікті Украинаға әскери көмекті арттыруға мәжбүрлеуге кедергі келтіруі мүмкін.

Сенаттағы басымдық демократтарға заң жобаларын қарау кезегіне ықпал етуге, комитеттік тексерулер жүргізуге, сондай-ақ әкімшілік пен сот жүйесіндегі лауазымдарға ұсынылған кандидатураларды мақұлдау процесінде көбірек дауысқа ие болуға мүмкіндік береді.

Демократ сенатор Чак Шумер 2027 жылы Сенаттағы көпшілік партияның жетекшісі қызметіне қайта оралады деп күтіледі.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG