Accessibility links

Әндіжан қырғыны

2005 жылы 13 мамыр күні Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Бабыр алаңына талап айтып шыққан жұртқа полиция оқ жаудырып, ресми дерек бойынша, 187 адам қаза тапқан. Тұрғындар осы қалада сотқа тартқан жергілікті 26 бизнесменді қорғап митинг өткізген еді. Өзбекстан билігі бизнесмендерді 1990 жылдары елде қызметіне тыйым салынған «Акрамия» қозғалысының жақтастары» деп айыптаған. Митингіге шыққан бірнеше мың тұрғын халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде де талаптар қойған. Оқиғаға куә болғандар мен құқық қорғау ұйымдары Әндіжандағы қырғында қаза тапқандар саны ресми көрсеткіштен әлдеқайда көп екенін айтады. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Әндіжанда болған қырғынға тоғыз жыл толуына орай арнайы мәлімдеме жасап, АҚШ пен Еуропа Одағын Өзбекстан үкіметін Әндіжанда болған қырғынға тәуелсіз, халықаралық тергеу жүргізуге рұқсат беруіне көндіруге шақырды. 13 мамыр 2014 жыл.
Түгел оқыңыз

Тағы

XS
SM
MD
LG