Accessibility links

Ақ үйдің маңында атыс болды. Шабуылдаушы өлтірілді

Ай үй маңында жүрген полицей, Вашингтон, 23 мамыр 2026 жыл.
Ай үй маңында жүрген полицей, Вашингтон, 23 мамыр 2026 жыл.

Ақ үйдің маңында оқ атқан қарулы ер адам өлтірілді. Ғимаратта болған Трамп зардап шекпеген.

Вашингтонда Ақ үйдің бақылау-өткізу бекеті маңында ер адам оқ атты.

AP жазуынша, шабуылдаушының аты-жөні - 21 жастағы Насир Бест. 2025 жылы шілдеде Ақ үйге кіруге ұмтылып, өзінің "Иисус Христос" екенін айтқан, кейін қамалып, ізінше психиатриялық бөлімге жіберілген.

Құпия қызметтің өкілдері оған оқ атып, жаралаған. Шабуылдаушы ауруханада көз жұмды.

Оқиға кезінде сол маңнан өтіп бара жатқан бір адам жараланған. Оның кімнің оғынан жараланғаны әзірге айтылмайды.

Оқиға кезінде Дональд Трамп Ақ үйде болған. Truth Social желісінде ол қызметкерлеріне "жылдам және кәсіби түрде қимылдағаны үшін" алғыс айтты.

Айдар
XS
SM
MD
LG