16 маусым күні Ақмола облысында Астана – Атбасар – Жақсы тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жол апаты 16 маусым күні таңертең Бастау ауылы маңындағы 231-шақырымда болған. Chevrolet Tracker жүргізушісі жолдың қарсы жағына шығып кетіп, КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 1978 жылы туған жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды.
Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.