Accessibility links

АҚШ: Иран режимі әлсіреді

АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Американың барлау қызметінен Иран режимі әлсірегені жөнінде бірнеше есеп алған. Бұл жөнінде Америка үкіметіндегі дереккөздерге сүйенген New York Times басылымы жазды.

Газеттің жазуынша, Иран билігі қазір 1979 жылғы революциядан бергі ең нашар халде отыр. Былтыр жылдың соңында басталған жаппай наразылық қазір режимді қолдайтын аймақтарға да жайылған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігі наразыларды басып-жаншыса, күш қолдануы мүмкін екенін ескерткен. Алайда New York Times жазуынша, Ақ үйдің қандай шара қарастырып жатқаны белгісіз. Күш қолдану бойынша президенттің кеңесшілерінің пікірі бір жерден шықпаған. Иран осыған дейін наразылардың бірін дарға асудан бас тартқаннан кейін Трамп кейінгі күндері Тегеранға тіке қоқан-лоқы жасамаған.

Ал "Авраам Линкольн" атты ұшақ тасымалдағыш кеме аймаққа жақындаған. Ақ үй Иран аумағындағы нысандарға әуеден соққы жасауды құп көрсе, оған дайындалуға 1-3 күн кетеді деді NYT дереккөзі. Қазір Трамп әкімшілігі Таяу Шығыстағы одақтастарымен кеңесіп жатыр.

XS
SM
MD
LG