Accessibility links

АҚШ пен Дания Гренландия мәселесі бойынша келісімге келді

АҚШ, Дания және Гренландия билігі – Дат корольдығының автономды бөлігі – 18 қыркүйекте аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша келісімге келгенін мәлімдеді.

Келісім туралы алғашқылардың бірі болып АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлады. АҚШ Гренландияның "қауіпсіздігі мен өзге де қажеттіліктерін тұрақты қадағалайды" деді ол.

Трамптың сөзінше, келісімнің мерзімі жоқ және АҚШ өз аумағында АҚШ және Гренландияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет барлық шараны жасауға құқылы болмақ. Трамптың айтуынша, АҚШ-тың қарсыластары Вашингтонның рұқсатынсыз Гренландияға әскерін әкеле алмайды немесе инвестиция құя алмайды. Трамптың сөзінше, АҚШ аралдағы әскерін дереу күшейте бастайды.

Дания мен Гренландия үкіметтері келісімді растап, құжатқа келесі аптада БҰҰ-ның Бас ассамблеясының сессиясында қол қойылатынын айтты. Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен келісім жалпы қауіпсіздікті нығайтып, НАТО мен Еуропаның да мүдделеріне қызмет етеді деді. Келісім Данияның егемендігі мен Гренландия халқының өзін анықтау құқығын мойындайды.

Дональд Трамп екінші рет президент болып сайланған уақытта Гренландияны АҚШ-қа қосу туралы айта бастаған еді (Бірінші мерзімде де бұл идеяны ұсынған). Трамп стратегиялық маңызды арал Қытай немесе Ресейдің ықпалына түсуі мүмкін екенін алға тартқан. Дания мен Гренландия билігі аралдың егемендігі өзгермейтінін мәлімдеді, ЕО елдері де соны қолдап, салдарынан Вашингтонмен қарым-қатынасы салқындаған еді. Былтыр НАТО саммитінде Трамп пен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте АҚШ аралдың ісіне қалай араласа алатындығы туралы келісімге келгені хабарланды.

Айдар
XS
SM
MD
LG