АҚШ пен Иран бейбітшілік туралы алдын ала келісімге қол қойды. Ақпаратты АҚШ президенті мен Иранның сыртқы істер министрлігі растады. Өзара түсіністік туралы 60 күнге арналған меморандум барлық жерде, оның арасында Ливан да бар, атысты тоқтатуды, Тегераннан санкцияны алуды және Иранды қалпына келтіру қорын құруды қарастырады.
“Қол қойылды. Версальда қол қойылды. Қазір ғана қол қойдым” деді Трамп Франция басшысы Эммануэль Макронмен Версаль сарайында кездесуден кейін.
Дегенмен ол “Иран өз міндеттерін атқармаса, шабуыл қайта жалғасады” деп сес көрсетті. Меморандумға Иран президенті Масуд Пезешкиан да қол қойған.
Сәрсенбі күні АҚШ әкімшілігінің өкілдері “Үлкен жетілік” елдерінің кездесуі кезінде журналистер алдында 14 пунктен тұратын меморандумды оқып берген. Оған Вашингтон мен Тегеран 19 маусымда Швейцарияда қол қоюы керек.
Меморандумдағы негізгі пунктер:
- Аймақтағы барлық соғысты (арасында Ливан да бар) тоқтату.
- 30 күнде Америка Иранның порттарын ашады және түпкілікті келісімге қол қойылғаннан кейін 30 күнде әскерін Иран шекарасынан әкетуі керек.
- Иран Ормуз бұғазын ашады.
- Иранды қалпына келтіруге 300 млрд доллар бөлу. Егер түпкілікті келісім жасалса, АҚШ аймақтағы әріптестермен бірге Иранның экономикасын қалпына келтіру жоспарын әзірлемек. Ол үшін кемінде 300 млрд долларлық қор құрылмақ.
- Тегеранға қарсы барлық санкция алынады.
- Иран құжатта “ешқашан ядролық қару шығармайтынын” растаған. Тараптар ядролық бағдарламаға қатысты барлық мәселені түпкілікті келісімде қарауға келісті.
Меморандум шарттарымен журналистерді таныстырған АҚШ өкілдері аталған құжат АҚШ-ты ештеңеге міндеттемейтінін, ондағы шарттар "Иранның өз міндеттерін орындауына" қарай орындалатынын ескерткен.