Accessibility links

АҚШ пен Иран бір-бірін тағы соққылады

АҚШ-тың Ирандағы нысандарға соққысы. АҚШ орталық қолбасшылығы таратқан сурет.
АҚШ-тың Ирандағы нысандарға соққысы. АҚШ орталық қолбасшылығы таратқан сурет.

АҚШ орталық қолбасшылығы (CENTCOM) сенбіге қараған түні Иранның “әскери мүмкіндіктерін әлсірете беру үшін” жаңа соққы жасағанын хабарлады. Орталық қолбасшылықтың айтуынша, қатарынан осымен жетінші түн соққы жасалып отыр.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сүйенген Reuters агенттігі Ахваз, Йезд және Бандер-Аббас қалаларында, сонымен бірге Ормуз бұғазында жарылыс естілгенін жазды.

Иран өз кезегінде Американың Кувейт, Бахрейн және Сауд Арабиясындағы базаларына соққы жасағанын мәлімдеді. Әзірге шабуыл болғаны жөнінде ақпаратты өзге дереккөздер растаған жоқ.

Одан бөлек, Иран ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазының АҚШ бақылайтын оңтүстік бөлігінде жүріп бара жатқан екі танкер минаға түсіп жарылған. Сақшылар корпусы мәлімдемесінде танкердің атын атамады деп жазды AFP.

Ал АҚШ орталық қолбасшылығы мәліметтің “жалған” екенін айтты.

Жетінші соққы жасамай тұрып Тегеран АҚШ Иранның нысандарын соққылай берсе, “ауқымды операцияны” жандандыратынын ескерткен.

Айдар
XS
SM
MD
LG