Accessibility links

АҚШ Ресей мен Иран мұнайын сатып алу лицензиясының мерзімін ұзартпайды

Ормуз бұғазындағы кеме (көрнекі сурет)
Ормуз бұғазындағы кеме (көрнекі сурет)

Вашингтон Ресей мен Иран мұнайын сатып алу жөніндегі лицензиялардың мерзімін ұзартпайды. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеген.

Оның сөзінше, АҚШ Қытай ол екі елден мұнай сатып алуды доғарады деп күтеді. Бессент қытайлық екі банк қосалқы санкция салынуы мүмкін екені туралы ескерту алғанын айтты. Егер Иран қаражаты солар арқылы өтіп жатқаны дәлелденсе, оларға қарсы шектеу енгізілмек.

Бессент сонымен қатар Иран мұнайын сатып алатын елдерге қарсы жанама санкциялар енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Politico мәліметінше, Ресей мұнайына қарсы санкция 11 сәуірде арнайы лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін қайтадан күшіне енген. Арнайы лицензия транзиттегі мұнайды сатуға уақытша мүмкіндік берген еді.

АҚШ-та бұған дейін осы рұқсаттың мерзімін созу жайы талқыланған, бірақ кейбір сенаторлар Ресей кейінгі бір айда мұнай келісімдерінен шамамен 4 миллиард доллар тапқанын алға тартып, лицензияны ұзартудан бас тартуға үндеген.

Бұл лицензиялар АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуыл бастаған соң Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісуіне байланысты мұнай бағасы күрт шарықтаған шақта берілген еді. Исламабадта өткен АҚШ-Иран келіссөзі сәтсіз аяқталғаннан кейін Brent маркалы мұнай бағасы қайтадан өсіп, барреліне 100 доллардан асты.

Айдар
XS
SM
MD
LG