АҚШ сенаты шыққан тегі қазақ АҚШ азаматы Әсел Робертсті Құрама Штаттардың Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына бекітті. Оны бұл қызметке биыл ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған.
18 мамырда өткен дауыс беру қорытындысы бойынша, Әсел Робертстің кандидатурасын 46 сенатор қолдап, 43 сенатор қарсы болған. 11 сенатор дауыс беруге қатыспаған.
Әсел Робертс бұған дейін көп жыл АҚШ президенті әкімшілігінің хаттама қызметінде жауапты қызмет атқарған. Джо Байден әкімшілігі тұсында, 2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін президент әкімшілігі хаттама бастығының міндетін атқарды.
Ол – АҚШ дипломатиялық қызметінде жоғары лауазымға тағайындалған тұңғыш қазақ.
1976 жылы Алматыда дүниеге келіп, Совет одағы ыдырағаннан кейін АҚШ-қа қоныс аударған Әсел (Қалиқызы Төленова) Робертс сондағы Джорджтаун университетінің Уолш сыртқы қызмет мектебін халықаралық құқық және ұйымдар мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ағылшын, қазақ тіліне қоса орыс және жапон тілдерін біледі.