13 қарашада АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы қауіпсіздік мақсатында елдегі әуежайлардан ұшақтардың ұшуына уақытша тыйым салды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Ақау 22 аймақтық диспетчерлік орталықтағы байланыс жүйесіне әсер еткен. Мамандар оның себебін анықтап жатыр, деді АҚШ көлік министрі Шон Даффи.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Маркуэйн Маллин мәселе террористік шабуыл немесе кибершабуыл жөнінде болып отырған жоқ деді. Маллин телекоммуникациялық жабдықтардың жұмысында ақау пайда болғанын айтты, бірақ жай-жапсарына тоқталмады.
"Бұл жаңа 11 қыркүйек емес" деді министр.
Маллин сонымен бірге оқиғаның бейсенбі күні кешке пайда болған Microsoft компаниясының жұмысындағы ақауға қатысы барын жоққа шығарды.
2023 жылдың қаңтарынан бері АҚШ-та алғаш рет тұтас елде ұшақтардың ұшуына шектеу қойылып отыр. Ол кезде шектеуге компьютерлік жүйедегі ақау себеп болған.
Американың әуежайларында жолаушылар шектеу қай уақытқа дейін созылатынын анықтауға тырысып, әбігерге түскен. Денвер әуежайы шектеу кемінде 5 сағатқа созылатынын айтқан.