АҚШ-тың Калифорния штатында B-52 стратегиялық бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға 15 маусымда болған.
Америкалық БАҚ дерегінше, ұшақ Эдвардс әскери әуе базасынан әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай аэродром аумағына құлаған. Әлеуметтік желіде жерде жанып жатқан ұшақ сынықтарының видеосы тарады:
Алдын ала деректер бойынша, ұшақтағы 8 адам түгел қаза тапқан. B-52 экипажы әдетте бес адамнан тұрады, алайда бұл жолы сынақ болғандықтан ұшақта қосымша ресми тұлғалар болған деп жатыр.
Апаттың себебі әзірге жарияланған жоқ.
B-52 — ядролық қару таситын, алысқа ұшатын америкалық стратегиялық бомбалау ұшақ. Кейінгі уақытта бұл ұшақтар Таяу Шығыстағы операцияларда қолданылған.
Оның алдында дәл сол күні, 15 маусымда Ресейдің Иркутск облысында ресейлік Ту-22М3 бомбалаушы ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшқыштар тірі қалған деп жазды басылымдар.