Сенбі күні АҚШ-та президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің саясатына қарсы наразылық акциясы өтті. "Корольдерге жол жоқ" атты ұранмен өткен үшінші жалпыұлттық акция ұйымдастырушылардың айтуынша, АҚШ тарихындағы "ең ірі наразылық акциясына" айналған. Елдегі 50 штаттың барлығында 3 мыңнан астам митинг пен шеру болған. Акциялар әлемдегі ірі қалаларда да өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға жалпы 8 миллионға дейін адам қатысқан.
Ұйымдастырушылар мен қатысушылар президент Дональд Трамптың саясатына, оның ішінде Ирандағы соғыс, көші-қонды бақылаудың күшеюі мен қымбатшылық та бар, қарсылық білдірді.
Ең ірілерінің бірі Миннесота штатындағы Миннеаполисте өтті. Бұл штатта осы қыста рейд кезінде екі белсенді қаза болған. Ізінше мұнда заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған рейдтер тыйылған, Трамптың қарсыластары мұны өздерінің жеңісі деп санайды.
Мұнда сенбі күнгі акцияға ондаған мың адам келді. Ұйымдастырушылар 200 мың адам қатысқанын айтты. Митинг кезінде әнші Брюс Спрингстин, актриса Джейн Фонда, штат губернаторы Тим Уолтц пен сенатор Берни Сандерс сөйледі. Мәдениет қайраткерлері мен танымал саясаткер-демократтар Нью-Йорктегі акцияға қатысты.
Ақ үй өкілдері шеруді "солшылдар желісі ұйымдастырды, оларды Трамптың қарсыластары ұйымдастырды" деп мәлімдеді.