Accessibility links

АҚШ Украина мен Судан босқындарын уақытша қорғау мерзімін ұзартады

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі. Вашингтон, 9 мамыр, 2019 жыл (архивтегі фото)
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі. Вашингтон, 9 мамыр, 2019 жыл (архивтегі фото)

АҚШ соғыстан қашып, бассауғалап барған украиналық азаматтарды уақытша қорғау (TPS) мерзімін ұзартады. Бұған дейінгі ереже бойынша, олардың қорғау мерзімі 19 қазанда аяқталуға тиіс еді.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің өкілі CNN арнасына түсініктемесінде украиналық босқындарды уақытша қорғаудың жаңа мерзімі кейінірек жарияланады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, нақты шешім шыққанға дейін украиналық иммигранттар бұл мәртебесін сақтайды және оларды елден депортациялауға болмайды.

Қазір АҚШ-та жүрген Судан босқындарына да дәл осындай тәртіп қолданылады.

2025 жылдың наурыз айындағы ресми мәлімет бойынша, АҚШ-та 100 мыңнан астам украиналық босқын және Суданнан барған шамамен 1800 босқын тіркелген.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG