Accessibility links

АҚШ Үнді мұхитында санкцияға іліккен тағы бір танкерді ұстады

АҚШ әскери теңіз күштерінің кемесі Үнді мұхитында Veronica III танкерін ұстаған. 15 ақпан, 2026 жыл.
АҚШ әскери теңіз күштерінің кемесі Үнді мұхитында Veronica III танкерін ұстаған. 15 ақпан, 2026 жыл.

АҚШ әскери күштері Үнді мұхиты аумағында иран мұнайын тасымалдады деген күдікпен америкалық санкциялар тізіміне енгізілген Veronica III танкерін ұстады. Бұл туралы АҚШ әскери министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, АҚШ әскери қызметкерлер кемені Кариб теңізі аймағынан бастап Үнді мұхитына дейін бақылауда ұстаған. «Кеме президент Дональд Трамп енгізген карантин шектеуін айналып өтуге тырысты», деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Әлем бойынша кемелердің теңіздегі қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылайтын MarineTraffic қызметінің деректеріне қарағанда, Veronica III мұнай танкері Панама туын көтеріп жүреді.

Өткен аптада америкалық әскери десант Үнді мұхитында Aquila II танкеріне түсіп, бақылауына алған. Әскери мамандар ол кемені де Кариб теңізінен бастап бақылап отырған. Танкер санкция салынғанына қарамастан, Венесуэла мұнайын Қытайға жеткізуге әрекет жасады деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, ол танкер Ресейдің "тасадағы флотының" бір бөлігі ретінде санкция тізіміне енгізілген.

XS
SM
MD
LG