Accessibility links

Ақтөбе облысында дрон құлады

Қазақстанның батысында табылған дрон.
Қазақстанның батысында табылған дрон.

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы елді мекендердің бірінің маңына дрон құлады.

Ақпаратқа Ақтөбе облыстық полициясы түсініктеме берді.

“Ақтөбе облысының полициясы уәкілетті қызметпен бірлесіп, Қарғалы ауданында дрон сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Объект елді мекен аумағынан тыс жерден табылды. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр” деп жазылған полиция хабарламасында.

Желіде тараған видеолардың бірінде видео авторы дрон таңертеңгі сағат 8.30 шамасында құлағанын айтады. Алыста түтіннің шығып жатқаны көрінеді. Тағы бір видеода сол маңда полиция көлігі де жүргені байқалады.

Қазақстанның батысында бұған дейін де дрон құлаған. Мысалы, 27 наурызда Атыраудан шамамен 7 шақырым жерде жанып жатқан дрон бөлшектеріне ұқсас зат табылған еді.

Оның алдында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы аумағында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас зат табылған еді.

8 сәуірде қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков елдің батыс аумағына құлаған дрондарға қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Оның сөзінше, үкіметаралық комиссия дрондардың қай елге тиесілі екенін, қай жақтан келгенін анықтайды.

Айдар
XS
SM
MD
LG