Оқиға 20 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында болды. Жұмыс кезінде кен жынысы опырылып құлап, 24 жастағы жұмысшы астында қалып қойған. Ер адам сол жерде жан тапсырды.
«Қазхром» компаниясының мәліметінше, шахтер қорғаныш бекітпесін орнатып жатқан кезде кен массасы кенеттен опырылып құлаған. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабар берілген деп айтылады. Мамандар оқиғаның себебін анықтауы керек, қайғылы жағдайдың алдын алуға болар ма еді, соны да анықтайды.
“Қазхром” – Eurasian Resources Group (ERG) тиесілі кәсіпорын. Қазақстанның түрлі салалары мен аймақтарындағы кәсіпорындарды біріктіретін ең ірі өнеркәсіп холдингі ұзақ жыл бойы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын "ескі гвардия" олигархтарына тиесілі болған. Биыл жазда ERG менеджерлер кеңесінің құрамына Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінің үлесін сатып алған кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп кірді. Ол жиынтығы 39,3% акцияларға иелік етеді. ERG-дің өзге акциялары мемлекет (40%) пен Ибрагимовтар отбасына (20,7%) тиесілі.
Ақтөбе облысында шахта опырылып құлап, 24 жастағы жұмысшы қаза болды