Accessibility links

Ақтөбе өңірінде Елек өзеніне батып кеткен бала үш аптадан соң табылды

Ақтөбе облысындағы Елек өзені
Ақтөбе облысындағы Елек өзені

17 сәуір күні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы аумағында Елек өзенінен осыдан үш аптадай бұрын суға құлап, батып кеткен 10 жасар баланың сүйегі табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Іздеушілер тобы суға батып опат болған баланы өзеннің жағадан шамамен үш метр алыс тұсынан, бір жарым метр тереңнен тауып алған.

Сарыжар ауылында тұратын 4-сынып оқушысы Мансұр Саматов 29 наурыз күні үйінен достарымен бірге ойнауға шығып кеткеннен кейін оралмаған. Жанында болған балалардың айтуынша, олар велосипедпен ауылдан бес шақырымдай жердегі Елек өзеніне барған. Сол жерде Мансұр тайып кетіп, көктемде тасып жатқан, ағыны қатты өзенге құлап, батып кеткен.

Сол күннен бастап баланы іздеу жұмыстарына жүзден астам адам: ТЖД қызметкерлері, №20982 әскери бөлім сарбаздары, полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысқан. Іздеуші топ құрамында құтқарушылар, сүңгуірлер, кинолог мамандар мен медицина қызметкерлері болды. Іздеу жұмыстарына қайықтар мен алты дронмен бірге эхолот сияқты арнайы құрал да қолданылған.

Айдар
XS
SM
MD
LG