Ақтөбеде дәмханада газ жарылып, екі адам зардап шекті

Жарылыс болған аумақ. Ақтөбе, 13 қараша 2026 жыл. Видеодан скриншот.
Жарылыс болған аумақ. Ақтөбе, 13 қараша 2026 жыл. Видеодан скриншот.

13 қарашада Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмханада газ жарылып, ғимараттың бір бөлігі қирап өртенді. Екі адам ауруханаға түсті.

Жергілікті төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқиға жұма күні сағат 10 жарым шамасында Тәуелсіздік, 14/1 даңғылында болған. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 11-ге қарай өртті сөндірді.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығының бірінші орынбасары Айбат Жанабергеновтің сөзінше, дәмханада "газ-ауа қоспасы" жарылған.

Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген. Қаладағы көп бейінді №1 аурухананың бас дәрігері Қадырбек Иманбаев "Диапазон" басылымына олардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ деп айтқан.

Желіде тараған видеода дәмхананың қирағаны көрінеді.

​
XS
SM
MD
LG