Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды. Бұл жөнінде Almaty.tv сайты хабарлады. Оқиға 28 ақпанда болған.
"Қатты тарсылдаған дыбыс естілді. Қарғып тұрып барсам – ұлымның бөлмесінде немерелерім [пауэрбанкті] қосып қойған екен, сол жерден от шығып жатыр. Тарсылдап, түтін шығып кетті. Шкаф бірден өртеніп кетті. Демалу мүмкін болмай қалды. Ештеңе көрінбей қалды. Мұндай нәрсені қосуға тыйым салу керек, әсіресе балаларға" деді қала тұрғыны Құрман Майрымбаев.
Оның сөзінше, өрт сөндірушілер тез келген, бірақ үйді құтқара алмаған екен.
"Ақтөбеде 28 ақпанда "Арман" тұрғын үй массивінде бірқабатты жеке үйдің шатыры өртенді. Өрт сағат 20:02-де оқшауланды және 20:23-те толық өшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ" деп жазылған Ақтөбе облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Үй иелері тек құжаттарды алып үлгерген. Өрттен кейін үй тұруға жарамсыз болып қалған.
Отбасы туыстарын паналаған. Үй иелері баспананы алты жыл бойы салғанын, енді оны қайтадан салу керектігін айтып отыр