Accessibility links

Арменияда Нұрлан Сабыровтың концертін өткізбеуді талап етіп жатыр

Стендап-комик Нұрлан Сабыров
Стендап-комик Нұрлан Сабыров

Арменияда қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровтың концертін өткізбеуге шақырып жатыр. Желі қолданушыларының кампаниясынан кейін 5 шілдеге жоспарланған концерттің өтетіні-өтпейтіні белгісіз күйде қалды.

Threads-те бойкот жариялау туралы бастама көтерген қолданушы Валерий Клименченко жергілікті билікті комиктің елге сапарына реакция білдіруге шақырды.

Ол Канакер-Зейтун ауданының прокуратурасына қайырылып, комиктің өнер көрсетуіне тыйым салуды және "терроризмді қаржыландырмайтындығына көз жеткізуін" талап етті. Бұған Сабыровтың "Легион Вагнер Истра" деп аталатын әскери бөлімшеге 10 мотоцикл табыс еткені түсірілген видео түрткі болған. Ол видео былтыр жазда Ресейдің Истра қаласының басшысы Татьяна Викушеваның Telegram-арнасында жарияланған. Қазір ол пост өшірілгенімен, оның көшірмесі бірнеше пабликте сақталып қалған.

  • Биыл қаңтарда Ресейдің құқық қорғау органдары Нұрлан Сабыровтың елге кіруіне 50 жылға тыйым салған еді.
  • Сабыровтың танысына сүйенген "Важные истории" жазуынша, ФСБ-ның конституциялық құрылысты қорғау мен терроризммен күрес жөніндегі қызмет және оның басшысы Алексей Жало тыйым салған. Бұған әзілкештің қалжыңымен қатар ФСБ-мен әріптестік орнатуға ықылассыздығы түрткі болған.
  • Әзілкештің танысының айтуынша, Сабыров өзінің "ресейшіл ұстанымын" көрсету үшін екі миллион рубль ақшаны "всё для победы" қорына жіберіп, 10 мотоциклды соғысқа берген. Алайда арнайы қызметтің шешіміне бұл әсер етпеген.
  • Қазақстан ҰҚК-і де аталған даудан кейін түскен арыз негізінде комиктің әрекетін тексерген. Кейін ведомство "заңбұзушылық анықталмағанын" мәлімдеген.
Айдар
XS
SM
MD
LG