Accessibility links

Бір белсенді босап шыққан күні екіншісі ұсталды


Бір белсенді босап шыққан күні екіншісі ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:49 0:00

Алматы облысы Талғар аудандық соты бес айдан бері қамауда отырған белсенді Еркін Сабаншиевке үкім шығарды. Белсендінің бостандығы бір жылға шектелді. Сабаншиев бостандыққа шыға сала белсендінің сотына келген Айдын Нүсіпәлиевті полиция ұстап әкетті.

Алматы облысы Талғар аудандық соты бес айдан бері қамауда отырған белсенді Еркін Сабаншиевке үкім шығарды. Белсендінің бостандығы бір жылға шектелді. Сабаншиев бостандыққа шыға сала белсендінің сотына келгендердің бірін полиция ұстап әкетті.

Алматы облысының тұрғыны Еркін Сабаншиевті бір топ полицей былтыр қазанда ұстап әкеткен. «Тыйым салынған ұйым жұмысына қатысты» деген күдікке ілініп, қамауда отырған 36 жастағы белсендіні биыл қаңтарда құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп таныған.

Бес айдан соң, 7 сәуірде Талғар аудандық сотында Сабаншиевтің ісі қаралды. Оның жақтастарын ғимаратқа кіргізбеді.

Сот ұзаққа созылмады. Аудандық сот оның бостандығын бір жылға шектеп, белсенділігіне байланысты қосымша тыйымдар да енгізді.

Еркін Сабаншиев, белсенді

— YouTube-қа, басқа да желілерге үш жыл бойы кіре алмаймын. Үкім үстінен апелляциялық шағым түсіремін. Ары қарай күресеміз.

Сабаншиев босап шыққанда сот ғимараты алдында жақтастарынан бөлек бір топ полицей тұрды. Олар Еркінді қарсы алуға келген белсенді Айдын Нүсіпәлиевті ұстап әкетуге келген. Сот оны Талғар әкімдігі алдында «заңсыз митинг өткізді» деп айыптаған.

— [Сот қаулысында] «соттың мәжбүрлеп әкелу туралы ұйғарымы орындалғанға дейін Талғар аудандық полиция басқармасының қарамағаны берілсін» делінген. Біздің қарамағымызға берілді.

Бірақ жиналғандар Нүсіпәлиевті полицейлерге бермей, белсендіні қоршап тұрып алды.

Полиция мен кейбір белсенді алысып-жұлысып қалды.

Ақыры полиция Нүсіпәлиевті ұстап әкетті. Жақтастары сот шешімімен оның 15 тәулікке қамалғанын айтады. Бұл ақпаратқа қатысты облыстық полиция департаменті де, аудандық сот та комментарий бермеді.

Қазақстанда билікті сынап, пикет өткізіп жүрген белсенділер былтыр күзде жаппай ұстала бастады. Құқық қорғаушылар дерегінше, жауапқа тартылып жатқандар саны 270-тен асады. Оның 130-ға жуығы «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деп айыпталған. Ол ұйымдар шетелдегі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқаратын Қазақстанның демократиялық таңдауы және Көше партиясы қозғалыстары. Екеуін де Қазақстан соты экстермистік ұйым деп таныған. Ал Еуропарламент бейбіт қозғалыс деп атаған. Еуропарламент биылғы қарарында Қазақстан билігін сөз бостандығын шектемей, белсенділерді дереу босатуға шақырған. Нұр-Сұлтан елде «саяси тұтқын барын» мойындамайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG