Accessibility links

"Артемида-2": жарты ғасырдан астам уақытта алғаш рет астронавтар Айға ұшты

"Артемида-2" миссиясының
"Артемида-2" миссиясының

1 сәуірде бортында төрт ғарышкері бар Integrity ғарыш кемесі (Orion жобасы) АҚШ-тағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылды. "Артемида-2" миссиясы аясында адамдар жарты ғасырдан астам уақытта алғаш рет Айға ұшты.

Кеме Айға қонбайды. Алты тәуліктен соң Жер серігіне жақын қашықтықта ұшып өтеді. 10 күннен соң ғарышкерлер Жерге оралуы керек.

"Артемида-2" – АҚШ-тың жаңа Ай бағдарламасының маңызды элементі. Ұшу кезінде астронавтар ғарыштағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін зерттеуі керек. Миссия сәтті аяқталса, келесі жылы ұшқыш басқаратын кеме Айға қонуы мүмкін. Экипаж мүшелері: командир Рид Уайзман, ұшқыш Виктор Гловер, маман Кристина Кох және канадалық астронавт Джереми Хансен.

Orion еркін оралу траекториясына шығады: кеме Айдың орбитасына шықпай-ақ оның үстінен шамамен 8 мың шақырым қашықтықта айналып өтеді, одан кейін Жерге оралады.

This item is part of
XS
SM
MD
LG