Маңғыстау облысында әскери жаттығу кезінде қаза болған сарбаздар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Әскери бөлім взводының командирі Олжас Мұхтарұлы – Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
13 сарбаз Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды:
- Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
- Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).
24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қатты жел кезінде 17 әскери қызметкер (бастапқыда билік 19 деген, кейін ақпаратті түзеді – ред.) суға батып кетті. 14-і қаза болды, үшеуі құтқарылды. 25 қыркүйекте елде қаралы күн болды. 26 қыркүйекте Қазақстанның түрлі өңірінде сарбаздармен қоштасу рәсімі өтті.
Қоғамда қорғаныс саласына қатысты сын өршіп тұрған тұста елде қорғаныс министрлігін "кешенді зерттейтін" комиссия құрылды.