Accessibility links

Астана Оңтүстік Кореяның шағын реакторларына қызығушылық танытып отыр

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі. Сеул, 15 қыркүйек 2026 жыл.
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі. Сеул, 15 қыркүйек 2026 жыл.

Ресей мен Қытайға атом станциясын салғызатын Қазақстан енді Оңтүстік Кореяның шағын модульді реакторларына қызығушылық танытып отыр. Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігі Астана Сеул жасаған реактор жобаларын зерттейді, себебі елдің атом саласын дамыту стратегиясына шағын реакторды пайдалануды талдау да кіреді.

"Корея Республикасы атом энергетикасы саласы бойынша жетекші елдердің бірі. Кореялық компаниялар мен ғылыми ұйымдар қазіргі кезде болашағы бар шағын модульді реакторларды әзірлеп жатыр, Қазақстан оны зерттеуге ынта білдіріп отыр" деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

"Орталық Азия – Оңтүстік Корея" саммиті аясында астаналық делегацияның Сеулге сапары кезінде Қазақстан атом энергиясы жөніндегі агенттік пен Корея Республикасының сауда, өнеркәсіп және ресурс министрлігі атом энергиясын бейбіт қолдану саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Агенттіктің хабарлауынша, меморандумның арқасында, қазақстандық мамандар "Кореяның шағын модульді реактор технологиясымен мұқият танысып, техникалық-экономикалық сипаттамасын зерттей алады және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігін де қарастыра алады".

Былтыр жылдың соңында АҚШ Қазақстанға жергілікті зерттеушілердің меңгеруі үшін Holtec International және WSC Inc компанияларының шағын модульдік реактор симуляторын бергенін хабарлаған. Жабдық АҚШ мемлекеттік департаментінің шағын модульдік реактор технологияларын жауапкершілікпен пайдаланудың негізгі инфрақұрылымы (FIRST) бағдарламасы аясында Алматыдағы ядролық физика институтына жеткізу жоспарланып отыр.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) дерегінше, бір шағын модульді реактор жылына шамамен 300 мегаватт қуат өндіреді, бұл ірі реактордың жылдық қуатының үштен біріне тең. Шағын реактордың құны да арзан және ірі реакторға қарағанда тез салынады. Олар ядролық отынды пайдалану мен қауіпсіздік жағынан тиімді саналады.

Қазақстан 2025 жылы Ресей және Қытаймен атом электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды. Былтыр тамызда Алматы облысында ресейлік "Росатом" салатын алғашқы атом станциясы құрылысы басталғаны хабарланған. Биыл 3 қыркүйекте Қазақстан Ресеймен атом станциясын тұрғызу туралы келісімшартқа қол қойды. Жоспарға сәйкес, жалпы қуаты 2400 мегаватт болатын ВВЭР-1200 екі реакторлы станциясы салынбақ.

Тағы екі атом станциясының орнын Астана әзірге анықтаған жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG