Accessibility links

Астана соты Украинаға "Газпромнан" $1,4 млрд өндіруге рұқсат берді

Астана халықаралық қаржы орталығы соты Ресейдің ұлттық «Газпром» компаниясынан украиналық "Нафтогаз" компаниясының пайдасына 1,4 миллиард доллардан астам қаражат өндіріп алу туралы сот шешімін орындауға рұқсат берді.

Дау 2019 жылы Украина арқылы Ресей газын тасымалдау туралы келісімшартқа байланысты туындаған. 2022 жылы соғыс басталған кезде "Сохрановка" станциясы арқылы транзит тоқтағаннан кейін "Газпром" қызмет ақысын төлеуден толық бас тартқан. Ізінше "Нафтогаз" халықаралық сотқа жүгінген.

2025 жылы маусымда Швейцария соты "Газпромды" қарыз бен пайыздарын, сот шығынын өтеуге міндеттеген. 2026 жылы қаңтарда Швейцария соты "Газпромның" апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ.

15 мамырда 2026 жылы Астана халықаралық қаржы орталығы соты шешімді мойындап, оның Қазақстанда орындалуына рұқсат еткен.

Сот шешіміне сәйкес, "Газпром" төмендегілерді төлеуге міндетті:

  • 1,13 млрд доллар – негізгі қарыз;
  • 182,2 млн доллар – төленбеген негізгі қарыздың проценттері;
  • 117,1 млн доллар - қарызды төлеуді кешіктіргені үшін қосылған жарна;
  • 4,9 млн еуро – сот шығыны;
  • 225 мың еуро – шығын проценттері.

Сот халықаралық сот шешімдерін мойындап, орындауға құқылы екенін атап өткен.

"Бұл арбитраждық шешімді бөлек юрисдикцияда орындауға мүмкіндік беретін алғашқы ашық шетелде шыққан сот шешімі. Әлем елдерінде Ресейдің газ монополиясынан өтемақы өндіріп алу бойынша жүйелі күш-жігерімізді жалғастырамыз" деді "Нафтогаз" басшысы Сергей Корецкий.

Айдар
XS
SM
MD
LG