Accessibility links

Атырауда шенеунік пәтерінен өлі күйде табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

18 қазанда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Бауыржан Асаинов пәтерінен өлі күйде табылды. Ақпаратты дереккөзге сүйенген "Ақжайық" хабарлады. Жергілікті полиция "Ұлысмедиаға" шенеуніктің қазасына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Департаменттің желідегі парақшасында шенеунікті еске алу хабарламасы шықты.

Дереккөзге сүйенген "Ақжайықтың" жазуынша, шенеуніктің мәйітін екі аптадан кейін тапқан болуы мүмкін. Басылым алдын ала ақпаратқа сүйене отырып, ол "біреумен жанжалдасып, мерт болуы мүмкін" деп жазады. Бұл ақпараттар әзірге, ресми түрде расталмады. Ақпаратты растайтын өзге де тәуелсіз дереккөз табылмады.

50 жастағы Бауыржан Асаинов 2023 жылдың 4 қаңтарынан бері Атырау облысының әлеуметтік қорғау департаментіне жетекшілік еткен. Оған дейін прокуратура, мемлекеттік қызмет істері агентігінде, индустрия және жаңа технология министрлігінде істеген. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қарасты ішкі қауіпсіздік басқармасына жетекшілік еткен.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG