Атырау қаласындағы Томарлы ауылында үш адам газдан иіс тиіп көз жұмған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлады.
Төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, 67 жастағы ерлі-зайыпты екі адам және 72 жастағы ер кісінің қазасына газбен жылитын тұрғын үйдегі пешті қауіпсіз пайдалану талаптары орындалмағаны себеп болуы мүмкін деген алдын ала болжам бар.
Полиция қайғылы оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті халықты газ жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.