3 сәуірде сағат 21:13-те Ауғанстанның Гиндукуш тау массиві аумағында жер сілкінді. Зілзаланың магнитудасы – шамамен 5,8–6,0.
Ақпаратқа қарағанда, жер сілкінісінің ошағы айтарлықтай терең – 190–200 шақырым тереңдікте орналасқандықтан сейсмикалық толқындар алысқа тараған.
Эпицентрі Бадахшан провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан. Тербеліс көрші Пәкістан, Қазақстан, Өзбекстанда да сезілген. Кейбір аудандарда тербеліс күші 2–3 баллға жетті.
Қазақстан Сейсмологиялык зерттеу институтының мәліметінше, елдің Түркістан және Жамбыл облыстарында 2 балдық жер сілкінісі сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдай министрлігі.
Өзбестан мен Тәжікстанның да бірқатар өңірінде 2-3 балдық жер тербелісі сезілген.
Ауғанстан астанасы Кабулда кемінде 8 адам қаза болған. Олар үйінді астында қалған. Түріктің Haberler басылымының жазуынша, 2 жасар бала жарақаттанған.
Гиндукуша ауданы – сейсмикалық белсенділігі жоғары аумаққа жатады.