Accessibility links

Австралия паналатқан ирандық үш футболшы қыз елге оралуды ұйғарды

Футболдан Иран әйелдер құрамасының ойыншылар. 2026 жылғы наурыздағы фото.
Футболдан Иран әйелдер құрамасының ойыншылар. 2026 жылғы наурыздағы фото.

Футболдан Азия кубогынан кейін Австралияда қалып, сол елден пана сұраған Иран әйелдер құрамасының үш ойыншысы еліне оралуды ұйғарды.

"Түнде Иран әйелдер ұлттық футбол құрамасының үш мүшесі Иранға оралатын команданың қалған мүшелеріне қосылуды ұйғарды", делінген Австралияның ішкі істер министрі Тони Берктің мәлімдемесінде

Оның сөзінше, ирандық спортшылар өз ниеті жайлы Австралия билігін хабардар еткеннен кейін оларға әртүрлі мүмкіндікті талқылау жөнінде бірнеше рет ұсыныс жасалған.

Иранның Tasnim мемлекеттік ақпарат агенттігі ойыншылардың фотосуреттерін жариялап, оларды Мона Хамуди, Захра Сарбали және Захра Мошкекар деп аты-жөнімен атады. Агенттік спортшылардың "Австралияның азғыруы мен саяси астарлы ұсынысын" кері қағып, "өз отбасы мен отанының жылы құшағына" оралатынын хабарлады.

Tasnim мәліметінше, спортшылар Австралиядан елге қарай бет алған команданың қалған мүшелеріне қосылу үшін Куала-Лумпурға аттанған.

Австралияда жақында футболдан әйелдер арасында Азия кубогы өтті. Турнир кезінде Иранның әйелдер футбол командасы мемлекеттік әнұран ойналып жатқан кезде қосыла шырқамай, үнсіз тұрды. Бұл қылығын билікке қарсылық деп қабылдаған Иранда оларға "сатқындар" деген ат қойып, айдар тақты.

Австралия әйелдерді паналатуға әзір екенін мәлімдеген соң, команданың жеті мүшесі ол ұсынысты қабыл алған. Алайда кейінірек спортшылардың бірі ойынан айнып, Иран елшілігіне хабарласып, команданың өзге мүшелері қауіпсіздік мақсатында ешкімге отырған үй қай жерде екені білініп қалды. Содан кейін Австралия билігі әйелдерді шұғыл басқа жерге көшірді.

XS
SM
MD
LG