Қытайдың қысымы ма? Қазақстанда "Атажұрт" белсенділері сотталып жатыр — AzatNEWS l 23.01.2026
23 қаңтар, жұма күні "Нағыз Атажұрт" ұйымының белсенділеріне қарсы сот отырысы басталды. "Ұлтаралық араздықты қоздыру" айыбы тағылған 19 адамға қатысты іс Талдықорған қаласында қаралып жатыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін бұл азаматтарды соттамауға шақырып, үндеу жолдады.