"Орталық Азия мигранттары" – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан шетелге жұмысқа кететін еңбек мигранттарына қатысты мәселелерді жазатын журналистер командасы.
Жұмыс Бішкек қаласында, дегенмен Орталық Азияның басқа қалаларында тұратын үміткерлер де қарастырылады.
Негізгі жауапкершіліктері:
- YouTube, Facebook, Instagram, Twitter, VKontakte, OK, Telegram сияқты түрлі платформаларда жариялауға лайық қызық та мазмұнды контент әзірлеуге қатысу және оның жұмысын үйлестіру;
- Барлық платформалардағы материалдарда редакторлық стандарттың сақталуын бақылау, материалдарды жарияламас бұрын редакциялау;
- Әлеуметтік желіден, қолданушы жасаған контенттен журналистік материалға қажет ақпарат, контент табу;
- Түрлі платформалардағы оқылым, қаралым көрсеткіштерін бағалап, салыстырып, болжам жасап отыру;
- Әлеуметтік желіде хабар таратудың соңғы трендтерін бақылап, талдап, әріптестермен бірге сторителлингтің жаңа түрлерін пайдаланып, эксперимент жасау;
- Азат Еуропа/ Азаттық радиосының Цифрлық стратегия бөлімімен тәжірибесін бөлісіп отыру, ж т.б.
Білімі
- Журналистика не соған жақын мамандық бойынша бакалавр дәрежесі не осы салада тәжірибесі болуы керек.
Жұмыс тәжірибесі:
- Әлеуметтік медиада кемінде бес жыл жұмыс істеген;
- Ақпарат құралында цифрлық журналист ретінде кемі бес жыл жұмыс істеген;
- Көп ұлттың, көп мәдениеттің өкілдері еңбек еткен ортада жұмыс тәжірибесі бар, не Орталық Азия елдерінде тұрған;
- Менеджер тәжірибесі бар.
Білігі:
- Ақпаратты таңдай білу;
- Командада жұмыс істеу этикасы;
- Цифрлық, әлеуметтік желі өлшемдерін жақсы білу;
- Әлеуметтік медиаға өнім дайындау тәжірибесі;
- Жаңалық жазу және редакциялау тәжірибесі;
- Орталық Азия мигранттары тақырыбын жақсы білу;
- Tweetdeck, Crowdtangle, Socialbakers құралдарын жақсы білу;
- Көп тапсырманы бір кезеңде орындау және жұмысты уақытында бітіре алу;
- Орталық Азиядағы және жалпы әлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік ахуалдан хабардар болу.
Тіл білу деңгейі:
- Қазақ тілінде еркін сөйлеп, жаза алу
- Орыс тілінде еркін сөйлеп, жаза алу
- Ағылшын тілінде орташа білу
Бос жұмыс орны туралы толық ақпарат алып, өтініш беру үшін мына сілтемеге өтіңіз.