Accessibility links

Данияр Саламатпен онлайн-конференция


Кинорежиссер Данияр Саламат Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция кезінде. Алматы, 17 сәуір 2013 жыл.
Кинорежиссер Данияр Саламат Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция кезінде. Алматы, 17 сәуір 2013 жыл.

Азаттық радиосы 17 сәуір күні кино режиссер Данияр Саламатпен онлайн-конференция өткізді.

Данияр Саламат 1970 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген. «Алатау», «НТК», «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген.

Алғашқы түсірген «Жөшә» атты көркем фильмі 2005 жылы «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалінде (Алматы) «Үздік толықметражды кино» номинациясы бойынша бас жүлдені, «Ижоди парвоз» жастар кинофестивалінде (Ташкент) «Үздік режиссерлік жұмысы үшін» сыйлығын алған.

2008 жылы түсірген «Әкем екеуіміз» («Қазақфильм» киностудиясы) көркем фильмі «Евразия» халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссерлік жұмысы үшін», «Ең үздік актер» (бас кейіпкерді сомдаған - Бақытжан Әлпейісовке) жүлдесіне, Орта Азия киносыншыларының «НЕТПАК» сыйлығына ие болған.

2009 жылы балаларға арналған «Бәйтерек» («Қазақфильм» киностудиясы) кинофильмін түсірді.

2011 жылы «Кішкентай» («Қазақфильм» киностудиясы) атты фильмін тәмамдады.

2006 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамында редактор-режиссер. Бірнеше пьеса мен прозалық шығармалардың авторы.

Google Hangout арқылы өткен онлайн-конференцияның видеосы:
XS
SM
MD
LG