Accessibility links

Азия ойындары: Қазақстан ескек есуден алтын медаль ұтты

Академиялық ескек есуден медаль ұтқан қазақстандық спортшылар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин. Жапония, 24 қыркүйек 2026 жыл.
Академиялық ескек есуден медаль ұтқан қазақстандық спортшылар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин. Жапония, 24 қыркүйек 2026 жыл.

Қазақстандық спортшылар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық есуден ерлер арасында рульшісіз қос қайық бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, екі спортшы мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.

Қазақстандық спортшылар бұған дейін ірі халықаралық жарыстарда да жүлделі нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы Яковлев пен Чернухин ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, биыл Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Бұған қоса, Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс медаль ұтты. Олар байдарка мен каноэде есу жарысында әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта байдарка-екілік сайысында өнер көрсетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов қола жүлдегері атанды. Ерлер арасындағы 500 метрлік каноэ-екілік сайысының финалында қазақстандық экипаж үшінші болып мәреге жетті.

Жалпы Қазақстан құрамасының қоржынында 22 медаль (8 алтын, 6 күміс, 8 қола) бар. Медальдық есепте төртінші орында.

Айдар
XS
SM
MD
LG