ОПЕК+ альянсының жеті елі маусым айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 188 000 баррельге арттыруға келісті, деп хабарлады дереккөздерге сүйенген Reuters.
Агенттік дереккөзінің мәліметінше, мамырда да осыған ұқсас шешім қабылданған( тәулігіне +206 000 баррель). Бірақ оған ұйымнан шыққан Біріккен Араб Әмірліктерінің үлесі кірмейді.
Дереккөздердің айтуынша, келісімнің символдық сипаты басымырақ. Бұл Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатын жүк кемелерінің айтарлықтай бөлігінің тоқтатылуымен байланысты.
Reuters дереккөзінің айуынша, БАӘ ұйымнан шықса да, ОПЕК+ бұған дейін келісілген жоспарды жүзеге асыруды көздеп отыр.
Алдын ала келісім туралы ақпаратты Bloomberg дереккөзі растады.
Бұған дейін БАӘ өзінің энергетика саясаты мен ұлттық мүддесін ескере отырып, ОПЕК пен ОПЕК+ шығатынын мәлімдеген. 2024 жылы ОПЕК өндірген мұнайдың шамамен 13,5% БАӘ өндірген.