Әлеуметтік желі бала өмірінің бір бөлігіне айналып үлгерді. Кей отбасында бала телефонмен оянып, экран жарығымен ұйықтайды. Хат-хабар алмасудан бөлек, желіден ақпарат алады, әлемді тануға тырысады. Бірақ бұл әдет, денсаулық, тіпті өміріне кері әсер ететін тәуелділікке қалай әкеледі?