Accessibility links

БАҚ: Кремльдің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев тағы да АҚШ-қа барды

Кремльдің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев (сол жақта) пен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф (архивтегі фото).
Кремльдің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев (сол жақта) пен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф (архивтегі фото).

Кремльдің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ-қа, президент Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесуге барды, деп хабарлады Reuters дереккөздерге сүйеніп.

Агенттіктің жазуынша, Дмитриев АҚШ өкілдерімен келіссөздерде Украинамен бейбіт келісімге келу және АҚШ пен Ресей арасындағы экономикалық әріптестік мәселелерін талқыламақ.

Дмитриев Вашингтонға АҚШ-тың Ресей мұнайына салынған санкцияны уақытша жеңілдету мерзімі аяқталуға санаулы күн қалғанда барып отыр, деп жазды Reuters. Дмитриев бұның алдында, 12 наурызда АҚШ-қа барғаннан кейін санкциялар жеңілдетілген. Сол кезде Дмитриев 100 миллион баррельге жуық мұнайдан шектеу алынатын болды деп хабарлаған еді.

Reuters дерегінше, санкциялар мәселесі бұл жолы да келіссөздің күн тәртібіне енгізілуі мүмкін, бұл оның экономикалық салмағын күшейтіп отыр.

Әзірге Мәскеу де, Вашингтон да келіссөздер жөнінде ресми түсініктеме берген жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG