Accessibility links

БАҚ: Қазақстанда биылғы аптап ыстық 26 адамның ажалына себеп болған

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дерегінше, Қазақстанда кейінгі айларда аптап ыстықтың салдарынан 26 адам қайтыс болған деп хабарлады BES.media басылымы. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.

Биылғы ыстық кезінде өзін қолайсыз сезінген 30 мың адам жедел жәрдем көмегіне жүгінген, оның 2700-іне күн өту, ағзасы кеберсіп, қызуы көтерілуіне байланысты көмек көрсетілген. Бұл былтырғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 2,5 есе артық. 200-ге жуық адам ауруханаға жатқызылған.

Мамандар аптап ыстық кезінде әсіресе қарт кісілер, созылмалы ауруы бар науқастар, жүкті әйелдер, жас балалар мен күн астында жұмыс істейтін адамдарға абай болған жөн дейді. Бұған дейін Орталық Азияның гидрометеорология қызметтері өңірде әдеттен тыс ыстық болады деп ескерткен.


Айдар
XS
SM
MD
LG