Accessibility links

БАҚ: Ресейде қазақстандық SIM-карталарды сатып ала бастады

Ресейде шетелдік SIM-карталар мен eSIM-дерге сұраныс күрт артты. Бұл жөнінде ұялы телефон нарығы туралы жазатын Mobile-Review сайтының редакторы Елдар Муртазинге сүйенген “Уральская неделя” жазды.

Байланыс операторларының бірінің дерегін алға тартқан Муртазиннің айтуынша, екі күнде ресейлік желілерде шамамен 9 мың жаңа роумингтік SIM-карта пайда болған. Оларды туристер емес, жергілікті тұрғындар пайдалана бастаған.

Ресейлік Telegram-арналар мен парақшалар Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және өзге де көрші елдердің SIM-карталары мен eSIM-дері сатылатыны жайлы хабарландыруларды жарыса жариялап жатыр.

“Маркетплейстерде қазір мұндай қосымшалар көп: Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан нөмірін сатушылардың айтуынша, [мұндай SIM-мен] Ресейде интернет мүлде басқаша істейді – барлығы ашылады, тіпті бұғатталған шетелдік ресурстар да ашыла береді, ешқандай VPN-ның қажеті жоқ” деп басылым дереккөзден үзінді келтіреді.

Мұндай хабар Ресей билігі елде интернет-ресурстарға шектеу қойып жатқан шақта жарияланып отыр. 3 сәуірде елде банкоматтар мен банк қосымшалары істемей, метролар мен қоғамдық көліктер карталарды қабылдамай қойған.

Басылымның жазуынша, дегенмен Ресейде шетелдік SIM-карталарға қатысты шектеу қазір де күшінде. 2025 жылы Ресей цифрлық министрлігі елде келген шетелдік SIM-карталардың жұмысына "суыту кезеңі" деген атпен белгілі шектеу қойған. Қарашада ол сынақ режимінде іске қосылған. Мұндай шектеудің шетелдік SIM-карталарға нақты әсері әзірге белгісіз.

This item is part of
XS
SM
MD
LG