Accessibility links

"Басына қап кигізіп алып шыққан". Алматыда 61 жастағы тұрғынның қазасына күдікті төрт адам ұсталды

Полиция көлігі (көрнекі сурет)
Полиция көлігі (көрнекі сурет)

12 қазанда Алматы қаласының полиция департаменті 61 жастағы адамның өліміне байланысты тергеу амалдары барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталғанын хабарлады.

"Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында" деп хабарлады департамент.

Полиция көпқабатты үй подъезіндегі бейнебақылау камерасының видеоларын жариялады. Онда үйге сырттан кірген екі ер адам баспалдақпен жоғары көтерілгені, келесі кадрда басына қап кигізілген әлдебір адамды иығына салып алып, жоғары жақтан баспалдақпен түскен ер кісінің подъезден сыртқа шығып кеткен сәті көрінеді.

Оқиға қашан, нақты қай үйде болғаны туралы әзірше ақпарат жоқ. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.


Айдар
​
XS
SM
MD
LG