Accessibility links

Batka Games

Кейінгі күндері Польша-Беларусь шекарасына мыңдаған босқын келіп, Еуропаға өтуге тырысып жатыр. Варшава босқындар дағдарысына Беларусь режимінің басшысы Александр Лукашенконы айыптайды. Брюссель Лукашенко Еуропа одағына гибридтік соғыс жариялады дейді. Бұған дейін Польша мен Беларусьтің тәуелсіз басылымдары Лукашенко режимінің "Шлюз" операциясы жайлы жазған. Минск бұл операциямен Таяу Шығыс пен Африкадан келген мигранттарды Беларусь арқылы Еуропа одағына жіберуді жоспарлайды. Сарапшылар "Лукашенко Еуропа одағының санкциясына "жауап ретінде" шекарада босқындар дағдарысын туғызып отыр" деп санайды. Кореялық Squid Game (Кальмар ойыны) сериалынің ізімен салынған карикатура. Авторы - Гундуз Агаев (Әзербайжан).

Azerbaijan -- Batka Game (cartoon)
XS
SM
MD
LG