Accessibility links

Белсенді Ержан Елшібаев бостандыққа шықты

Белсенді Ержан Елшібаев (оң жақта). Сурет белсенді түрмеден шыққаннан кезде түсірілгенге ұқсайды. Tirek.info сайтынан алынған.
Белсенді Ержан Елшібаев (оң жақта). Сурет белсенді түрмеден шыққаннан кезде түсірілгенге ұқсайды. Tirek.info сайтынан алынған.

Жаңаөзендегі жұмыссыз жастардың құқығын қорғаған белсенді Ержан Елшібаев бостандыққа шықты. Бұл жөнінде елдегі саяси қудалау туралы ақпарат тарататын “Tirek.info сайты хабарлады.

Сайтта Елшібаевтың суреті де жарияланған. Сурет белсенді түрмеден шыққан кезінде түсірілгенге ұқсайды.

Адвокаты Жанар Сүндетқалиева әзірге телефон тұтқасын көтермеді.

Жаңаөзендегі жұмыссыз жастардың құқығын қорғаған белсенді ретінде танылған Ержан Елшібаевты 2019 жылы Жаңаөзен соты 5 жылға бас бостандығынан айырған. Белсендіге "біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді" деген айып тағылған еді. Белсенді тағылған айыппен келіспеген.

Қазақстандық құқық қорғаушылар істің саяси астары барын мәлімдеп, оны "саяси тұтқын" деп таныған.

Елшібаевтың жаза мерзімінің аяқталуына шамамен бір жылдай уақыт қалғанда 2022 жылы қыркүйекте сот белсендіні "түрме талаптарына бағынбады, тыйым салынған заттарды сақтады, өзіне қол салды, сотталушыларды бүлікке үгіттеді" деп танып, оған тағы тағы 7 жыл түрме жазасын қосып берген еді.

Айдар
XS
SM
MD
LG