Accessibility links

Березовкада талып құлау жалғасты


Березовкада талып құлау жалғасты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:33 0:00

Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында тағы бір оқушы - Любовь Воскобой сабақ кезінде есінен танып қалды. Мектеп директоры оқушының талғанын видеоға түсіруге кедергі келтірген. Ата-аналар мен жергілікті дәрігерлердің сөзінше, соңғы екі аптада оқушылар арасында өзін нашар сезініп, шағымданғандар саны артқан. Қарашығанақ кен орнынан бес километр жерде орналасқан Березовка ауылында 2014 жылдың қарашасында балалар жаппай улана бастаған. Экологиялық белсенділер балалардың улануына кен орнынан шыққан газ себеп дейді. Бірақ Қарашығанақ кен орнын игеруші компания мұнымен келіспейді. Билік өкілдері балалардың жаппай улануына мектептегі жылу қазандығындағы ақау себеп деп мәлімдеген. Облыс прокуратурасы 20 оқушының улануына қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. 18 қыркүйек 2015 жыл

XS
SM
MD
LG